
Қосшы Мәдениет үйіне қала әкімі Гайдар Қасенов су жаңа ГАЗ автокөлігінің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті. Құттықтау сөзін алған қала әкімі Гайдар Қасенов : «Қосшының күннен-күнге көркейіп дамуы - біздің болашаққа деген нық қадамымыздың кепілі. Қаланың мәдени өміріне қосып жатқан үлестеріңізге алғыс айтамын. Бүгінгі игіліктеріңізге берілген темір тұлпар алдағы атқарылар мәдени іс-шараларға пайдасын тигізер деп сенемін»,-деді.
Құтты болсын!