Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік кірістер түсімдерін ұлғайту мақсатында Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев 2020 жылғы 05 маусымдағы іс-шаралар жоспарын бекітті

Мемлекеттік кірістер түсімдерін ұлғайту мақсатында Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев 2020 жылғы 05 маусымдағы іс-шаралар жоспарын бекітті, оған сәйкес Қосшы қаласы әкімдігінің уәкілетті органының және Қосшы қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері сыртқы (көрнекі) жарнаманы заңсыз орналастыру және сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыруға берілген рұқсаттар бойынша мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз ету тұрғысынан визуалды тексеру жүргізді. Жүргізілген визуалды тексеру негізінде жұмыс комиссиясының отырыстары және сыртқы (көрнекі) жарнаманы заңсыз орналастыру фактілеріне жол берген салық төлеушілермен кездесу өткізілді.
Деректер базасын қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Мәселен, 15.04.2022 жылғы жағдай бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманың 22 төлемақы төлеушісі болды, 2022 жылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманың 38 төлеушісі болды бюджетке 500,0 мың теңге өндірілдi.
Бүгінгі күнге сыртқы (көрнекі) жарнаманың 59 жарнама таратушысы бар және оларға сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама берілді.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін 1176.0 мың теңге мөлшерінде төлемақы түседі деп күтілуде.
Салық төлеушілермен қойылған көптеген сұрақтарға Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-II "Жарнама туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V "Рұқсаттар және хабарламалар туралы "Заңының нормаларына сәйкес түсініктемелер және кеңестер берілді.
2022 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша салық түсімдері 346385,1 мың теңгені құрады, жоспар 184503.6 мың теңге немесе жоспардың асыра орындалуы 1,9 есе.
Осылайша, мемлекеттік кірістер түсімдерін ұлғайту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар Қосшы қаласының бюджетіне кірістер түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді және олар өз кезегінде әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, автомобиль жолдарын, көлік және коммуникацияларды дамытуға бағытталатын болады.

Дата публикации
07 июля 2022
Дата обновления
07 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
29 қараша - мәслихат депутаттарының сайлауы
Ақпарат
14 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлаудың негізгі кезеңдері
28 июля 2026
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы