Қосшы қаласы Тайтөбе ауылында 2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған кезекті ауыл әкімі сайлауы туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1-тармағы 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына, сондай-ақ Қосшы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 3/21 «Тайтөбе ауылы әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Тайтөбе ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің кезекті сайлауы 2026 жылғы 1 наурызға тағайындалғанын хабарлаймыз.

Бұдан басқа, Тайтөбе ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол қалалық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында (Қосшы қаласы әкімдігінің сайтында) орналастырылған.

 

Қосшы қалалық сайлау комиссиясы

Қосшы қаласы Тайтөбе ауылында 2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған кезекті ауыл әкімі сайлауы туралы хабарлама
Дата публикации
22 января 2026