2025 жылдың 30 наурызына тағайындалған Қосшы қалалық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Қосшы қалалық сайлау комиссиясының

2025 жылғы 29 қаңтардағы

№ 2/13 қаулысына қосымша

 

 

2025 жылдың 30 наурызына тағайындалған Қосшы қалалық мәслихатының  № 3 бірмандаттық аумақтық  сайлау округі бойынша  шығып қалған

депутаттың орнына сайлауды әзірлеу мен

өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК  ЖОСПАРЫ

 

        1. Сайлау округінің шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы мәліметтерді көрсете отырып,  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қосшы қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей,

2025 жылғы 8 ақпаннан   кешіктірмей

(14 бап 6 тармақ, 22 бап)

 

         2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қосшы қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей,

2025 жылғы 8 ақпаннан  кешіктірмей

 (13 бап 4 тармақ, 15-1 бап 3 тармақ)

 

3. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қосшы қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2025 жылғы 13 ақпаннан кешіктірмей

                                                                         (23 бап 5 тармақ)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қосшы қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2025 жылғы 13 ақпаннан кешіктірмей

 (17 бап 2 тармақ)

 

5. №3 Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті №3 округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, және де олардың құрылымдық бөлімшелері  (филиалдар мен өкілдіктер)  және өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтар

2025 жылғы 29 қаңтарда басталады және 2025 жылғы
28 ақпанда 
жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады          

 (103 бап)

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

№3 Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102 бап, 103 бап 6 тармақ)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104 бап 2 тармақ)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

№3 Округтік  сайлау комиссиясы

29 қаңтарда басталады және 2025 жылғы  4 наурызда жергілікті уақытпен  сағат 18.00-де аяқталады

                                                                                                          (104 бап)

                                                                                          

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

№3 Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104 бап 5 тармақ)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

№3 Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                                               (104 бап 6-1 тармақ, 1 тармақша)

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

№3 Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1 бап, 6 тармақша, 31 бап)

                                                                           

12. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                   (104 бап 2 тармақша)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу (өтініш жасаған жағдайда)

 

№3 Округтік сайлау комиссиясы

Кандидатты тіркегеннен кейін 

                                                                  (34 бап 6 тармақ)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

№3 Округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

Ереженің 23 тармағы

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Қосшы қаласының әкімдігі, Қосшы қалалық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылғы 5 наурызға дейін

(28 бап 6 тармақ)

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

5 наурызда жергілікті уақыт бойынша
сағат 18.00-ден кейін басталады және 29 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27 бап 2 тармақ)

 

17. Кандидаттарға (өтініш жасаған жағдайда) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қосшы қаласының әкімдігі, Қосшы қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28 бап 4 тармақ)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                  

 

Қосшы қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2025 жылғы 9  наурыз

 (26-1 бап 1 тармақ)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

№ 742 Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

2025 жылғы 14 наурыздан бастап

                                                                (26 бап 1 тармақ)

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                         

 

№742 Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей,

2025 жылғы 19 наурызға дейін

   (18 бап 5 тармақша, 38 бап 2 тармақ)

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Қосшы қалалық  сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2025 жылғы 27  наурыздан ерте емес және 2025 жылғы 29 наурыздан кешіктірмей

 (37 бап 3 тармақ)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау 

 

 

 

 

 

№742 Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша
сағат 06.00-де  

(40 бап 1 тармақ)

 

23. Дауыс беруді өткізу

 

№742 Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні, 2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38 бап 1 тармақ)

 

24. Дауыстарды санау және қалалық депутаттарды сайлау бойынша сайлау учаскесінде  дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

№742 Учаскелік сайлау комиссиясы

2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша
сағат 20.00 басталады және дауыстарды санаудан басталғаннан 12 сағаттан аспайды

 (18 бап 8 тармақша, 43 бап)

 

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                            

 

№742 Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                        (43 бап 8 тармақ)

 

26. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну

 

№742 Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108 бап 1 тармақ)

 

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды қалалық сайлау комиссиясына ұсыну

 

№3 Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                                      (108 бап 1 тармақ)

 

28. Қалалық мәслихат депутатын сайлау қорытындыларын анықтау

 

Қосшы қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

2025 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей                                                                    

(108 бап 2 тармақ)

 

29. №3 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутатын сайлау қорытындысы туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Қосшы қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 5 сәуірден кешіктірмей

 (14 бап 9 тармақша, 44 бап 4 тармақ, 2 тармақша)

 

30. №3 сайлау округі бойынша сайланған қалалық мәслихат депутатын тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Қосшы қалалық сайлау комиссиясы

(14 бап 9 тармақша, 46 бап 3 тармақ,

                                                  2 тармақша, 112 бап 1 тармақ)

 

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қосшы қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн
бес күн ішінде

                                                                          (34 бап 4 тармақ)

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

2025 жылдың 30 наурызына тағайындалған Қосшы қалалық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
Дата публикации
29 января 2025