Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.11.2024-03.12.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 04.12.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 07.12.2024
Эссе: 11.12.2024
Сұхбат: 18.12.2024
Анықтама телефоны: 87172607888
E-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380391
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Қосшы қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы, E-R-1
Функционалдық міндеттері:
Қала аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, атап айтқанда, мемлекеттік мекеме қызметінің бағытына сәйкес келетін бюджеттік бағдарламаларды іске асыру. Қаланың тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру; сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмыс істеуі; елді мекендерде көшелерді жарықтандыру; туысы жоқ адамдарды жерлеу орындарын күтіп-ұстау; абаттандыру және көгалдандыру. Бюджет қаражатын жұмсау мәселелеріне жетекшілік ету. Өз құзыреті шегінде жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге мердігерлік ұйымдармен және тұлғалармен шарттар жасасу. Бөлімнің функционалдық жауапкершілігі шегінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын әзірлеу. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық тексеруді ұйымдастыру. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңін және кезектілігін айқындау.Кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бақылауды жүзеге асыру. Елді мекен шекараларының шегінде газбен жабдықтау жүйелерінің,тұрмыстық газ тұтыну жүйелерін тұрмыстық баллондары мен газ жабдықтарын, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жылу энергетикасы немесе құрылыс немесе автоматтандыру және басқару немесе көлік құрылысы немесе электр энергетикасы немесе инженерлік жүйелер мен желілер) немесе ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.