Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.11.2024-27.11.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 28.11.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 01.12.2024
Сұхбат: 05.12.2024
Анықтама телефоны: 87172607888
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Қосшы қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Экономиканың басым секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ету. Өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму және туризм саласындағы жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыру. Кәсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму және туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша сапалы кеңес беру. Қаланы дамытудың перспективалық салалық бағдарламаларының жобаларын әзірлеу, нормативтік құқықтық актілердің, жоғары тұрған органдар тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, азаматтардың арыздары мен өтініштерін қарау. Бөлімде іс қағаздарын жүргізу. Бөлім өз құзыреті шегінде кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, дербес атқарушы органдармен және селолық (ауылдық) округтер әкімдерінің аппараттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Индустриялық-инновациялық қызмет, өнеркәсіп және туризм саласындағы мемлекеттік даму бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету. Қосшы қаласында индустриялық-инновациялық қызмет, өнеркәсіп және туризм кәсіпорындарының тіркелімін және шығарылатын өнімнің, тауарлардың және көрсетілген қызметтердің көлемін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде Қосшы қаласының инвестициялық тартымдылығын ынталандыру бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру. Қосшы қаласында индустриялық-инновациялық қызметті, өнеркәсіп пен туризмді дамыту мәселелері бойынша материалдар (анықтамалар, ақпараттар, есептер) дайындау. Жеке кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі нысаналы көрсеткіштерінің орындалуына талдау және болжам жасау.
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе бизнес, басқару және құқық немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (халықаралық қатынастар) немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.