«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.10.2024-24.10.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 25.10.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 30.10.2024

Сұхбат: 04.11.2024

Анықтама телефоны: 87172607888

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                     Лауазым атауы:

      «Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты                                         

                                          

                                             Функционалдық міндеттері:

 

     Жобалық құжаттама негізінде жобалық және нақты жұмыс көлемін анықтау. Белгілі бір жұмыс түрлеріне смета құжаттаманы жасау, келісу. КС-6 нысаны бойынша жұмыстардың жалпы журналын және КС-6а нысаны бойынша орындалған жұмыстарды есепке алу журналын жүргізу. КС-2 нысаны бойынша орындалған жұмыстардың актілерін және КС-3 нысаны бойынша орындалған жұмыстардың құны туралы анықтамаларды тексеру. Шарттарды ресімдеу және есепке алу. Тендерлік құжаттаманы дайындау. Объект бойынша жинақтау ведомосын жүргізу. Мұрағаттық сақтауға немесе жоюға арналған құжаттарды жыл сайын іріктеуді жүргізу.  Бөлімнің кадрлық істерін жүргізу. Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу.  Аумақты абаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.Мемлекеттік сатып алу порталында конкурстық құжаттамалар мен техникалық ерекшеліктерді дайындау.Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша өзара серіктестік туралы шарттар мен меморандумдарды дайындау және құру.

 

                                               Білімі бойынша талап:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: қызметтер (тасымалдау ұйымдастыру, көлікті қозғалыс және пайдалану немесе логистика (салалар бойынша) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (автоматика және басқару немесе көлік құрылысы немесе инженерлік жүйелер мен желілер немесе көлік, көлік техникасы және технологиялары немесе көлік құрылысы) саласында.

                           

                                 Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                                Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
17 октября 2024