А.ж. 18 қыркүйектегі жағдай бойынша ОРК-на 6 (алты) заңды тұлғадан тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізетіні туралы хабарламалар келіп түсті:
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-1-бабының талаптарына сәйкес республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген нормаларға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс.
Осылайша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сәйкес сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы.
Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, референду, референдумға байланысты өзге де зерттеулер нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялауға жол берілмейдi.
Референдумға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады (ӘҚБтК-нің 120-бабы).