«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.09.2024-19.09.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.09.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 25.09.2024
Сұхбат: 30.09.2024
Анықтама телефоны: 87172607888
E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер бойынша бас инспекторы, «Е-3» санаты
Функционалдық міндеттері:
Қала әкімінің, оның орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшысының қатысуымен өтетін кеңестерге өз құзыретіндегі мәселелер бойынша материалдар дайындауды ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың, мекемелердің қызметін үйлестіру. Қала әкімдігінің бөлімдерінен, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО) келіп түсетін Мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жұмыс туралы ақпарат пен өзге де материалдарға талдау жүргізу, одан әрі жоғары тұрған органдарға ұсына отырып, олар бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есептерді жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін облыс әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету. Көрсетілетін қызметті берушілердің қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізуді қамтамасыз ету. Анықталған кемшіліктерді жою және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау. Жетекшілік ететін салалардағы жағдай туралы басшылықты хабардар ету. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді жүзеге асыру бойынша ағымдағы жағдайға талдау жүргізу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына талдау жүргізу. "Электрондық Үкімет" порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ұсыныстар әзірлеу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтамаудың анықталған фактілерін жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.