«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі:29.06.2024-05.07.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:06.07.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:11.07.2024
Анықтама телефоны: 87172607888
E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару және дамыту жөніндегі бірыңғай қызметінің басшысы, «Е-3» санаты
Функционалдық міндеттері:
Қызметке жалпы басшылықты жүзеге асыру. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi қызметке тағайындау немесе қызметтен босату кезiнде кадрлық құжаттарды дайындауды және ресiмдеудi жүзеге асыру. Белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Әкімшілік пен жергілікті атқарушы органдарды уақтылы штатпен қамтамасыз ету. Қаланың барлық меншік нысанындағы ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарының басшыларын тағайындауды үйлестіру. Қызметкерлердің қызметін бағалауды ұйымдастырушылық, әдістемелік және құжаттамалық қамтамасыз ету. Кадр мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысына жетекшілік ету. Үлгілік біліктілік талаптарының негізінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келіседі. Құрылым мен штаттық кестенің жобаларын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтауын бақылау. Атқарушы органдардың кадр қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындау мәселелері бойынша әдістемелік және консультативтік көмек көрсету. Мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты бұйрықтар мен өкімдердің уақтылы орындалуына, қызметкерлердің жеке істерінің сақталуына және жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.