«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25062024-01.07.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:02.07.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:05.07.2024

Сұхбат:11.07.2024

Анықтама телефоны: 87172607888

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                    Лауазым атауы:

     ​«Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты                                          

                                         

                                            Функционалдық міндеттері:

    Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының "ҚР тілдері туралы" Заңдарының орындалуын қамтамасыз ету орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және қалалық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру, оны бұзу фактілерін қарау және олар бойынша шешім қабылдау. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға, әртүрлі деңгейдегі атқарушы билік органдарына, білім беру және мәдениет мекемелеріне, халыққа қызмет көрсетудің әртүрлі салаларына, құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік тілде іс жүргізу бөлігінде тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда практикалық көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты ресімдеуге көмек көрсету, халықтың әртүрлі жастағы топтары арасында мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру. Қаланың сыртқы безендірілуін үйлестіру және идеологиялық қамтамасыз ету, билбордтардың ішкі және сыртқы ұсталуын бақылау. Іс қағаздарын жүргізу, істер номенклатурасын жүргізу, мұрағатпен жұмыс. Қаладағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, қалалық ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру; Заңды және жеке тұлғалардан ресми сұрау салынған жағдайда заңнама шеңберінде өз құзыреті шегінде қажетті ақпаратты ұсыну. «Тілдерді дамыту орталығы» КММ жұмысына жетекшілік ету. Тілдерді дамыту орталығының жұмысына жетекшілік ету және көмек көрсету. Бөлімнің, оның ішінде тілдерді дамыту саласындағы қызметіне байланысты мәселелер бойынша қала әкімі сайтын ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету. Тіл саясаты мәселелері бойынша материалдарды жинақтау, баяндамаларды, анықтамаларды, бөлім басшысының сөз сөйлеу жобаларын, мақалаларды дайындау.

 

 

                                            Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе дінтану немесе археология және этнология немесе шығыстану немесе теология немесе түркітану немесе исламтану немесе филология) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

                           

                                Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                               Шағым жасау тәртiбi

          Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 июня 2024