«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.06.2024-01.07.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:02.07.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:05.07.2024
Анықтама телефоны: 87172607888
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Жер учаскелерінің бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігін айқындау. Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту. Жер учаскесін алуға кезекке қою. Жер қатынастары мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Иесіз жер учаскелерін анықтауды және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау. Мемлекет жалға сататын нақты учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту жөнінде ұсыныстар беру. Жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру. Жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру. Жерлерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізуге қатысу. Жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау. Жер қатынастары мәселелері жөнінде соттарға қатысу және мемлекеттік органның мүдделерін білдіру. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік даму бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету. Жер қатынастары саласындағы мәселелер бойынша материалдар (анықтамалар, ақпараттар, есептер) дайындау. Жер қатынастары саласындағы негізгі нысаналы көрсеткіштердің орындалуына талдау және болжам жасау.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (бағалау) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (кадастр немесе геодезия және картография немесе жерге орналастыру) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе топырақтану және агрохимия немесе жерді мелиорациялау, баптау және қорғау) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесетехникалық және кәсіптік білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.