Ақмола облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Адильбай Ержанов Ақмола облысы Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді!
Құрметті азаматтар!
2024 жылғы 20 маусымда сағат 11.00-де Республика көшесі 46 үй мекенжайы бойынша Ақмола облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Адильбай Ержанов Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Іс-шараға Қосшы қаласы әкімдігінің өкілі, адвокат, нотариус және жеке сот орындаушы қатысады.
Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылады.
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды d.ibraeva@adilet.gov.kz электрондық пошталарына жолдауыңызға, сондай-ақ: 8(7162)25-00-18, 87015365903, 87022306668 Ақмола облысы Әділет департаментінің телефон нөмірлері бойынша хабарласа аласыздар