Қосшыда әлеуметтік маңызды нысандар қатары артуда

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

—Қосшы қала мәртебесін алғалы бері қалалық емхана ашылды;

—Көп бейінді аурухана салу жоспарланып отыр;

—Жеке инвестиция есебінен 500 адамға арналған асханасы бар қалалық мешіттің қарқынды құрылысы жүріп жатыр, жуықта пайдалануға беріледі;

—2023-інші жылы Қосшы қаласында жаңа қоғамдық мәдени-спорт орталығының құрылысы басталды;

—Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. 598 бала спорт мектебінде 10 спорт түрімен айналысады;

—«Alan» спорттық - сауықтыру кешені 2024 жылдың 10 мамырынан бастап жұмыс істеп жатыр. Кешенде ересектер мен балаларға арналған бассейн, жаттығу залы, күрес залы, доптық спорт ойын түрлеріне арналған залдар бар;

—2024 жылы 16 ақпанда Қосшы қаласының Тайтөбе ауылында Мәдениет үйі ашылды. Сыйымдылығы 200 орындық ғимаратта кітапхана, концерт залы бар, үйірмелерге арналған орындар бар.

Дата публикации
17 июня 2024