Бүгін Қосшы қаласында "Жасыл ел" еңбек жасақтары биылғы жылғы маусымдық жұмысын бастады.


Бүгін Қосшы қаласында "Жасыл ел" еңбек жасақтары биылғы жылғы маусымдық жұмысын бастады.

Жобаның мақсаты жастарды еңбекке баулу, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға шақыру.

«Жасыл ел» жалпыұлттық жобасы 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл жастар арасындағы ең танымал бағдарламалардың бірі деуге болады. Бағдарлама аясында жас қазақстандықтар қалаларды көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады. Сонымен қатар жоба еңбекке баулып қана қоймай, жастарды ортақ идеялар төңірегінде топтастырады.

Жоба Қосшы қаласында екінші рет жүзеге асуда. Қосшы қаласы және Тайтөбе ауылынан 80 жас осы маусымдық жұмысты жасап, әрқайсысы 85 000 теңге көлемінде айлық алатын болады.

 

Дата публикации
11 июня 2024