«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.05.2024-28.05.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:29.05.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:01.06.2024
Сұхбат:07.06.2024
Анықтама телефоны: 87172607888
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 181109
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Прокуратура және әділет органдарымен және басқа мемлекеттік органдармен құқық қолдану мәселері бойынша қызметті үйлестіруін ұйымдастыру және өзара әрекеттесу. Меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардың хаттарын, заңды және жеке тұлғалардың бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша өтініштерін қарау бойынша жұмысты жүргізу. Нормативтік құқықтық актілердің тиісті ресімделуін және келісуін сараптамадан өткізу және бақылау жүргізу. Бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша кеңеске материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторинг бойынша ұсынылған ақпаратты жинауын, жалпылауын және талдауын жүргізу. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің нормашығармашылық қызметке қатысты атқарушы органдардың құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалауын жүргізу. Нормативтік құқықтық актілерді (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемегенде) әр айға бөліп және олардың тізбесін көрсете отырып, алдағы күнтізбелік жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу кестесін бекітуге жыл сайынғы ұсынудайындау. Бөлім жұмысының тиісті бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылауда қала әкімдігінің кеңестері мен мәжілістеріне қатысу.
Білімі бойынша талап:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарының9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық немесе құқықтану).
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.