ХАБАРЛАНДЫРУ !!!

ХАБАРЛАНДЫРУ !!!
Құрметті Қосшы қаласының және Тайтөбе ауылының тұрғындары! «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақырамыз.
💥Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда.
Халықты тегін оқыту:
1. 2024 жылдың 13-17 мамыр аралығында Тайтөбе ауылында өтеді.
Оқыту сағ.09.00 дан – 13.00 дейін жүргізіледі.
сағ.14.30 дан қалауы бойынша жеке жеке азаматтарға кеңес өткізіледі.
Мекен-жайы: Тайтөбе ауылы Т.Бигелдинов көшесі 18, Мәдениет үйі (мешіттің қасында)
1 апталық курсты бітірген соң арнайы сертификат беріледі.

2. 2024 жылдың 20-24 мамыр аралығында Қосшы қаласында өтеді.
Оқыту сағ.09.00 дан – 13.00 дейін жүргізіледі.
сағ.14.30 дан қалауы бойынша жеке-жеке азаматтарға кеңес өткізіледі.
Мекен-жайы: Қосшы қаласы, Республика көшесі 46, қала әкімшілігінің ғимараты: конференц зал, 2 қабатта.
1 апталық курсты бітірген соң арнайы сертификат беріледі.
📍Оқыту бес күнге созылады. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйретеді.
🖊Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, онда өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында сіз білікті заң көмегін ала аласыз: егер сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, сізге несиелік қарызды қайта құрылымдау қажет болған жағдайда.
✅ Оқыту толығымен тегін.
Тіркелу үшін мына байланыс нөмірілеріне хабарласыңыздар: 87172607974, 87056544760
«AMANAT» партиясының Қосшы қалалы филиалы:

Дата публикации
02 мая 2024