«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.05.2024-10.05.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 11.05.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 15.05.2024

Сұхбат: 22.05.2024

Анықтама телефоны: 87172607888

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                     Лауазым атауы:

        «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты                                         

                                          

                                             Функционалдық міндеттері:

 

      Құрылыс, қала құрылысы тәртібінің сақталуына және құрылыс сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу, құрылыс - монтаж жұмыстарын бақылау. Жобаларды сараптау кәсіпорындарының құрылымдарымен, мемлекеттік құрылыс бақылауы арасындағы және жобалау ұйымдарының инспекцияларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді (индикативті) жоспарларын, құрылыс саласындағы Өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеу және оларды іске асыруды жүзеге асыру. Ғимараттардың құрылысын жүргізу мен реконструкциялау, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді сатып алу бойынша техникалық құжаттаманы дайындау. Өз құзыреті шегінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Техникалық шарттарды беру бойынша бақылауды жүзеге асыру. Объектілердің аяқталған құрылысы мен реконструкциясы бойынша барлық құжаттаманың пайдаланушы ұйымдарға берілуін қамтамасыз ету. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептілікті ұсыну, өз лауазымдық міндеттері шегінде ұйымдармен хат алмасуды жүргізу. Құрылыс нысандарын салу және жобалау үшін қажетті құжаттарды дайындау. ЖСҚ, құрылыс - монтаждау жұмыстарын әзірлеуге бюджеттік өтінімдерді жасау кезінде есеп айырысу жүргізу. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, бөлімнің қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеуге қатысу бағдарламалардың әкімшісі болып табылады. Заңнама нормаларының сақталуын бақылау, құрылыс қызметі және құрылыс жобаларын іске асыру туралы, бөлімнің қызметіне қатысты бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Жоғары тұрған органдардың және өз құжаттарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Бөлімнің стратегиялық жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету.

 

                                               Білімі бойынша талап:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (инженерлік жүйелері мен желілері немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарының, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе сәулет) саласындағы

                           

                                 Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                                Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 мая 2024