«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.04.2024-04.05.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 05.05.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 08.05.2024

Сұхбат: 16.05.2024

Анықтама телефоны: 87172607888

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                     Лауазым атауы:

        «Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты                                         

                                          

                                             Функционалдық міндеттері:

     Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу, бекіту және іске асыру. Әкімшілік-аумақтық бірлікте дене шынықтыру мен спорттың дамуы туралы мәліметтерді, дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық деректерді талдау және облыстық органға ұсыну. Спорт резервін дайындау бойынша қалалық спорт мектептерінің қызметін үйлестіру. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру. Мүгедектер үшін мамандандырылған топтарды ұлғайту үшін жағдайлар жасау. Барлық үлгідегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің санын ұлғайту үшін жағдай жасау. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша спорт және балалар клубтарын ұлғайту үшін жағдай жасау. Қалалық деңгейде спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізу. Әртүрлі спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуін қамтамасыз ету. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша спорттық және балалар клубтарын құру. Спорт саласындағы мемлекеттік қызметтерді ұсыну. Заңды және жеке тұлғалардан ресми сұрау салынған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәніне бұқаралық ақпарат құралдарын талдауды және мониторингілеуді жүзеге асыру. Бөлімнің, соның ішінде спорт саласындағы қызметіне байланысты мәселелер бойынша қала әкімі сайтын ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.

 

 

                                               Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе дінтану немесе археология және этнология немесе шығыстану немесе теология немесе түркітану немесе исламтану немесе филология) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

                           

                                 Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                                Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ
Дата публикации
30 апреля 2024