«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.04.2024-01.05.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 02.05.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 05.05.2024

Сұхбат: 14.05.2024

Анықтама телефоны: 87172607888

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                     Лауазым атауы:

        «Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты

                                         

                                          Функционалдық міндеттері:

      Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету. Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу бойынша ай сайынғы талдау. Әлеуметтік төлем алушыларды талдау. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек бар балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау және төлеу. 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін құжаттарды арнайы комиссияның қарауына қабылдау. Әлеуметтік төлемдер бойынша есептер жасау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша ауылдық округ мамандарына практикалық көмек көрсету. Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтар мен заңды тұлғалардың ауызша жазбаша өтініштері бойынша құжат айналымын жүргізу және олардың уақтылы орындалуын бақылау. Әлеуметтік төлемдер бойынша ақшалай қаражаттарды есептеу және жоспарлау. Базалар бойынша деректерді жүргізу. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді уақтылы әзірлеу және құқықтық мониторинг жүргізу.

 

                                               Білімі бойынша талап:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық немесе құқықтану немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілік басқару немесе менеджмент) немесе педагогикалық ғылымдар немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе денсаулық сақтау немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия немесе филология немесе дінтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (халықаралық қатынастар немесе саясаттану немесе психология немесе әлеуметтану немесе өңіртану) саласында

                                 Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                                Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

 

 

Документ
Дата публикации
26 апреля 2024