«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.04.2024-30.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 01.05.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.05.2024
Сұхбат: 14.05.2024
Анықтама телефоны: 87172607888
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Қосшы қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Қала бюджетінің кірістері мен салықтарының түсімдерінің есебі және талдауы. Жергілікті бюджеттің қаржы ресурстарының болуын талдау және болжау. Бюджет түсімдерінің күтілетін көлемін және жоспарланған кезеңдегі шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін анықтау үдерісі болып табылатын қолма-қол ақша қозғалысын болжау. Жоспарлау және бюджеттік, қаржылық есеп беру мәселелері бойынша аналитикалық, ақпараттық және басқа да материалдарды дайындау.
Білімі бойынша талап:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: бизнес, басқару және құқық (қаржы немесе экономика немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілік басқару немесе әлемдік экономика немесе мемлекеттік аудит) саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.