«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.04.2024-30.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 01.05.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.05.2024
Сұхбат: 14.05.2024
Анықтама телефоны: 87172607888
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің талдау жұмысы және азаматтардың өтініштерін қарау бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Хаттарды қалыптастырудың уақтылы тәртібін қамтамасыз ету және олардың орындалуын бақылау (стилистика). Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілерін беру бойынша бақылауды жүзеге асыру. Қала әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының қарауы үшін хат-хабарларды қалыптастыруды қамтамасыз ету. Орындау мерзімдерімен келіп түскен құжаттарды бақылауға қоюды және орындау мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру үшін беруді жүзеге асыру. Мемлекеттік органның қызметін мемлекеттік тілде қамтамасыз ету жөніндегі құжат айналымы бойынша ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық ақпараттық-талдамалық мәліметтерді дайындауды жүзеге асыру. Әкімдік мүшелеріне мәжіліс материалдарын қалыптастыру және жіберу, әкімдік мәжілістерінің хаттамаларын және оларға құжаттарды жүргізу және ресімдеу. Мереке күндері қала әкімі аппараты басшылығының кезекшілік кестесі бойынша ұсыныстар дайындау. Әкімдік қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің ай сайынғы тізбелерін дайындау. Әкімдіктің бақылау қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің тізбесін дайындау, ай сайын тізбелерді орындаушыларға жолдау. Құжаттарды жүйелеу және ведомстволық мұрағатта құжаттарды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген бланкілерге тапсырыс беруді, есепке алуды, сақтауды және беруді жүзеге асыру, бүлінген бланкілерді жоюға актілер дайындау және оларды жоюды жүзеге асыру. Қала әкімі аппаратының сараптама комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету. Әкімдіктің және қала әкімінің жарияланған актілері, олардың орындалу мерзімдерін бақылау бойынша талдамалық мәліметтер дайындау. Қала әкімдігі аппаратының, дербес бөлімдердің қызметкерлеріне қаулы, өкім және шешім жобасын дайындау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Сондай-ақ мемлекеттік органның, сондай-ақ Консультативтік-кеңесші органдардың қызметінде ақпараттық-талдамалық жауаптарды дайындау кезінде практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.