«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.04.2024-19.04.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 22.04.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 25.04.2024

Сұхбат: 03.05.2024

Анықтама телефоны: 87172607888

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                     Лауазым атауы:

       «Қосшы қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4

 

                                           Функционалдық міндеттері:

       Қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарын ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде елді мекенде абаттандыру және қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Жетекшілік  ететін  міндеттерге  сәйкес  тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік қызметтер көрсету. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерінің мерзімінде қаралып, оның шешілуін қамтамасыз ету. Қала аумағында контейнерлік алаңдар құру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Қала аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.  Тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын  қауіпсіз пайдалану  талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұзушылықтарды  жою бойынша  орындалуы міндетті  нұсқамалар (ұсынымдар) шығару. Қала әкімдігіне даму  жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу.

                                              

                                               Білімі бойынша талап:

          жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жылу энергетикасы немесе құрылыс немесе автоматтандыру және басқару немесе көлік құрылысы немесе электр энергетикасы немесе инженерлік жүйелер мен желілер) немесе ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) саласында

 

                                  Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

         жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

                                               

                                                Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Документ
Дата публикации
12 апреля 2024