Қосшы қаласы әкімдігінің
2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
жөніндегі қызметі туралы есебі
1.Жалпы ереже
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды түлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізеді.
Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы
15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген стандарттарды басшылыққа алады.
2023 жылы Қосшы қаласында мемлекеттік қызметтерді Қосшы қаласы әкімінің аппараты, Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты, дербес бөлімдер, сондай-ақ 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Халықты жұмыспен қамту орталығы көрсетті.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Қаланың жергілікті атқарушы органдары халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әскери қызмет салаларында 64 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетті.
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 11390-ды құрап, оның 10522-сі жеке тұлғаларға, 868-і заңды тұлғаларға көрсетіліп, соның ішінде:
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Ең көп сұранысқа ие қызметтер - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау».
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсететін барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, өтініш үлгілері орналастырылған стендтер жабдықталған.
Қосшы қаласының ресми интернет-ресурсында www.gov.kz. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері, қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі нұсқаулықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны және қала әкімдігінің kosshy_akimdigi_resmi Instagram парақшасында орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылаулар туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Қосшы қаласы әкімдігінің сайтында орналастырылады, онда қала тұрғындары есептермен өз бетінше танысып, сондай-ақ сұрақтар қойып, пікір қалдыра алады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау және азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында қала әкімдігінде «Сервистік әкімдік» жұмыс істейді. Бүгінгі күні «Сервистік әкімдік» «open space» форматында, ай сайын мыңнан астам адамды қамти отырып, жұмыс істейді. Барлық қажетті жабдықтармен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналасқан. Келушілер үшін жұмсақ күту аймағы бар зал, азаматтарды қабылдауға арналған фронт-офис жабдықталған, онда бейінді бөлімдердің мамандары мен лауазымды тұлғалар қабылдау жүргізеді. Электрондық кезектілік талонын алу үшін және кезектілік ақпараттық таблосы жүйесі орнатылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындары жергілікті желіге қосылған.
процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы академияның Ақмола облысы бойынша аймақтық филилалында 2 маман-қызмет беруші біліктілігін арттыру курстарында оқудан өтті.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік - құқықтық жетілдіру жағынан мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерін жетілдіру мен жақсарту жөніндегі ұсыныстар жоғары тұрған жергілікті мемлекеттік органға (Ақмола облысы әкімінің аппаратына) жолданып отырады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылы Қосшы қаласының әкімдігіне мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту бойынша көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қосшы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер жөніндегі бас инспекторы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша 5 бақылау іс-шарасын өткізді:
«Қосшы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
«Қосшы қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
«Қосшы қаласы жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімі» ММ;
«Қосшы қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ;
«Қосшы қаласы экономика және қаржы бөлімі» ММ;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
Тексеру нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар берілді:
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
Қосшы қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар 2023 жылы өткізілмеген.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қосшы қаласы бойынша 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг нәтижелеріне сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға іс-шараларды атқару жолымен мыналар жоспарланған:
Қосшы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы 2023 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар kosshy@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайы және 87172-607888 телефон бойынша қабылданады.