Мемлекеттік қызмет «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

Ақмола облысы

«Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» ММ

 

Мемлекеттік қызмет

«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері порталы (қолжетімділік арналары):

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы

 

1 КЕЗЕҢ

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

Өздеріне меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттық құқықтармен тиесілі ғимараттарды (құрылыстарды, құрылыстарды) пайдалану және күтіп-ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы ғимараттарды (құрылыстарды, құрылыстарды) кеңейту және реконструкциялау үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нұсқа бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);

3) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің оң қорытындысы;

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау.

 

2 КЕЗЕҢ

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

бекітілген жерге орналастыру жобасы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

 

 

Документ
Дата публикации
29 марта 2024