«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.03.2024-29.03.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 30.03.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 03.04.2024
Сұхбат: 10.04.2024
Анықтама телефоны: 87172607888
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Қосшы қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың бөлек тізімдерін жүргізу, тұрғын үй комиссиясының отырысына сұрақтар дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тұрғын үйлерді (пәтерлерді) жекешелендіруге құжаттарды есепке алу және ресімдеу. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу. Көп пәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастыру. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін айқындау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу. Бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын сайлау рәсімін сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына мемлекеттік бақылау. Пәтер иелерінің ортақ мүлкін, объектідегі тұрғын емес үй-жайды және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақтарды пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына бақылау жасау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды уақтылы орындауына бақылау жасау.Көп пәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Орындауға қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасымен.
Елді мекен шегінде құрылған мүлік иелері мен жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және енгізу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын азаматтарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Әкімшілік процедуралық-іс жүргізу кодексіне» сәйкес келіп түскен жеке және заңды тұлғаларға өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсету. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну. Құзіретіне кіретін мәселелер бойынша анықтамалар, ақпараттар дайындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша Мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін конкурстық және басқа да қажетті құжаттаманы дайындау. Жетекшілік ететін салаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді, сондай – ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актіні әзірлеу. Көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы мүлкін мемлекеттік техникалық тексеруді жүргізуді ұйымдастыру.
Білімі бойынша талап:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жылу энергетикасы немесе құрылыс немесе автоматтандыру және басқару немесе көлік құрылысы немесе электр энергетикасы немесе инженерлік жүйелер мен желілер) немесе ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.