«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.03.2024 - 19.03.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.03.2024

Мәтіндік  және  сандық  ақпаратпен  жұмыс  істеу  қабілетін  бағалау: 28.03.2024

Сұхбат: 02.04.2024

Анықтама телефоны: 87077891409

E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                     Лауазым атауы:

        «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-G-3» санаты

                                         

                                            Функционалдық міндеттері:

     Аппараттың ақпараттық-талдау, ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастыру. Жоғары тұрған органдар мен «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі құжаттарының уақтылы орындалуын бақылау. «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімі аппараты» ММ-нің жұмысына қатысты мәселелер бойынша сотқа қатысу. Азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және олар бойынша құжат айналымын есепке алуды жүргізу. Веб-платформаны, азаматтарының өтініштері бойынша электрондық базаны жүргізу. Қосшы қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне ай сайын, тоқсан сайын есептерді тапсыру. Азаматтардың жер учаскелерін беру туралы өтініштерін тіркеу, жер комиссиясына жолдау, жер учаскелерін беру бойынша кезекке қою, берілген жер учаскелерінің есебін жүргізу, ай сайын 20-шы күні берілген жер учаскелері бойынша және азаматтардың кезектілігі туралы есепті қалалық жер қатынастары бөліміне тапсыру, әкім сайтында ЖТҚ үшін жер учаскелерін алуға азаматтардың кезектілік тізімдерін ай сайын жаңарту. Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Әкімнің нұсқауы бойынша негізгі қызмет бойынша өкімдер дайындау. Кестеге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдарға есептерді уақытылы ұсыну. Сайлауды, республикалық референдумдарды дайындауға және өткізуге қатысу. Саяси партиялардың филиалдарымен жұмыс істеу. Азаматтардың жиналыстарын, жиындарын өткізуге материалдар дайындау. Ауыл әкімі өткізетін жиындардың хаттамаларын жүргізу. Әскери есепті ұйымдастыру және жүргізу. Жарнамалық конструкциялардың, баннерлердің және т. б. эстетикалық түрінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру.Кенттік полиция бөлімімен, Қосшы қаласы ПБ-мен өз құзыреті шеңберінде жұмыс жүргізу. ҚАЖК мәселелері бойынша жұмыс жүргізу. Ауылдың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасау. ARM EUOL бойынша есептілікті тапсыру. Мемлекеттік органдарда «ҚР-дағы тіл туралы» заңның сақталуы бойынша мемлекеттік тілдегі құжаттаманың жұмысын жүргізу және бақылауды жүзеге асыру. Ауыл әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің (шешімдерінің, өкімдерінің) жобаларын дайындау. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге жәрдем көрсету. Шаруашылық кітаптарды, статистикалық есепке алуды жүргізу және есептер беру. Мемлекеттік мекеме жанындағы қоғамдық комиссияларды ұйымдастыру. Медициналық мекемелермен, білім беру мекемелерімен және діни мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Ауыл жастарымен жұмыс жүргізу. Жастар саясатын дамыту мәселелері бойынша тиісті жоғары тұрған органдармен өзара іс-қимыл жасау. Аппаратта қолданыстағы нормативтік құқықтық нұсқаулық актілермен жүктелген басқа да функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету. Округ әкімі берген өзге де тапсырмаларды орындау.

 

 

                                               Білімі бойынша талап:

инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе бизнес,басқару және құқық немесе педагогикалық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе ауыл шаруашылығы және  биоресурстар немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе ветеринария  немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

                           

                                 Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                                Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

Документ
Дата публикации
12 марта 2024