Мемлекеттік қызмет «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

Ақмола облысы

«Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы

әкімінің аппараты» ММ

 

Мемлекеттік қызмет

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге

шешім беру»

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері порталы: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;

жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, бюджеттің кірісіне Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда бюджетке кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу;

3) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда-13 (он үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде;

2) елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Көрсетілген мерзімдерге мерзімдер кірмейді:

жер учаскесін сатып алу-сату немесе жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) шартын жасасу.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

 

 

Документ
Дата публикации
01 марта 2024