Қосшы қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі қалалық аумақтық сайлау комиссиясының № 4 бірмандатты сайлау округі бойынша хабарламасы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес, Қосшы қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі № 4 округтік сайлау комиссиясы 2024 жылғы 26 ақпанда Қосшы қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:
Исина Махаббат Қабиболлақызы, 1984 жылы туған, қазақ. "Қосшы қаласының Мансап орталығы" КММ директоры, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған, Қосшы қаласында тұрады.
Сәбит Мұратұлы Дүкенбаев, 1984 жылы туған, қазақ. "Өнер" ЖК білім беру-шығармашылық орталығының жетекшісі, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған, Қосшы қаласында тұрады.
Баекеева Бақытгүл Райымбекқызы, 1967 жылы туған, қазақ. "Жанұя" КМҚК медициналық директоры, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған, Қосшы қаласында тұрады.
Қосшы қалалық аумақтық сайлау комиссиясы