«Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімі» ММ 2023 жыл ішіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ЕСЕБІ

«Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламлар бөлімі» ММ 2023 жыл ішіндегі мемлекеттік                 көрсетілетін қызметтердің

ЕСЕБІ

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) 2023 жылы 50, оның ішінде 22 негізгі және 28 қосымша мемлекеттік қызметті көрсетуші болып табылды. Өткен жыл ішінде барлығы 4321 мемлекетік қызмет көрсетілді.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

 «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 36; 

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 50;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 50;

мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны - 22.

3) Барынша талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Халық арасында ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» (1746 мемлекеттік көрсетілетін қызмет), «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» (1093 мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.

Сондай-ақ есепті кезең ішінде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» - 55;

 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» – 383;

 «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеуМүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеуЖүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеуЕстуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеуМүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеуМүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеуҮйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеуМедициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу» - 256;

«Мүгедекті бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» - 5.

АХАТ бағыты бойынша 783 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы ақпарат Қосшы қаласы әкімдігінің әкімшілік ғимаратындағы ақпараттық стендте орналастырылған. Сондай-ақ «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде Бөлімнің ресми аккаунттары жүргізіледі.

2) Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелді актiлердiң жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпаратқа еркiн қолжетiмдiлік қамтамасыз етілген.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Бөлім мамандары Қосшы қаласының ХҚКО барып, жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда 11 тікелей эфир жүргізіліп, 34 жарияланым орналастырылды, қалалық                 «Жаңа бастау» қоғамдық-экономикалық және қоғамдық-саяси газетінде Бөлімнің қызмет бағыттары бойынша 2 мақала жарияланды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Жыл бойы одан әрі жұмыста қолданылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының облыстық филиалында мемлекеттік қызмет көрсететін 2 маман біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

2023 жыл ішінде Бөлім мамандарының мемлекеттік қызмет көрсетулеріне арыз-шағымдар түскен жоқ.

«Қосшы қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі бас инспекторы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асырды (2023 жылғы 13 қаңтардағы № 1 акті).

Мемлекеттік қызметтер Бөліммен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, «электрондық үкімет» веб-порталы, абоненттік байланыс құралдары арқылы көрсетіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділігінің перспективалары

Бөлім құзыретіне жататын мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мамандардың бірінші кезектегі міндеті болып табылады және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуы мәселелері тұрақты бақылауда. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Бөлім қызметінің бағыттары бойынша заңнамадағы өзгерістерге тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады.

Отчет
Дата публикации
26 февраля 2024