Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер
телімін алынуына байланысты жер
телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын
бастау туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Целиноград ауданы Қосшы ауылының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 469/70-6 Целиноград ауданы маслихатының шешімімен бекітілген Бас жоспарына сәйкес, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қосшы қаласында орналасқан жер учаскесінің мемлекет мұқтажы үшін (мектепз салу үшін) мәжбүрлеп иеліктен қосымшаға сәйкес шығару басталсын.
2) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес, заңды түрде жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты, мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
3) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскелерінің иесі немесе міндетті түрде жер пайдаланушысы алдым деген ескертпе алынуымен пошта арқылы жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту мен қосымша мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін алынуына байланысты сатып алу
келісім – шартының жобасын алуы жөнінде міндетті ескертілсін;
4) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскенің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
5) меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Қосшы қаласы, Республика 46 көшесі, «Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
Қосшы қаласының әкімі Г. Қасенов