5 жыл мерзімге жер учаскелеріне шектеулі пайдалану (қоғамдық сервитут) белгілеу құқығы туралы

5 жыл мерзімге жер учаскелеріне

шектеулі пайдалану

(қоғамдық сервитут)

белгілеу құқығы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосшы қаласындағы, талшықты – оптикалық желілерді жобалау және орнату үшін «Қазақтелеком» акицонерлік қоғамына жер схемасына сәйкес 5 жыл мерзімге ұзындығы 1392 метр жер учаскелеріне шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) белгілеу құқығы орнатылсын.
  2. «Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  3. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Ибраеваға жүктелсін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына, «Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі интернет - ресурстарын қоса алғанда ресми жариялануына жатады.

 

 

Әкім                                                                                              Г. Қасенов

Документ
Дата публикации
16 февраля 2024