«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру


«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.02.2024-09.02.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 10.02.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 14.02.2024
Сұхбат: 19.02.2024
Анықтама телефоны: 87172607888
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:
Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің талдау жұмысы және азаматтардың өтініштерін қарау бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты

Функционалдық міндеттері:
«Е-Өтініш», «ИНТЕГРО» бағдарламасының "азаматтар өтініштері" электрондық базасында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жазбаша өтініштер мен шағымдардың мазмұнын зерделеуді, тіркеуді, оларды қала әкіміне, оның орынбасарларына және аппарат басшысына қарауға беруді қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ҚР ӘРПК заңнамасына сәйкес қала азаматтарының жоғары тұрған облыстық, республикалық органдарға жолдаған өтініштері бойынша тапсырмалардың уақытылы қаралуын және орындалуын қамтамасыз ету. Азаматтарға олардың өтініштерін тиісті органдарға қарау үшін жіберу туралы хабарламалар жасау. Жеке және заңды тұлғалардың бақылауға қойылған өтініштерінің орындалуына мониторинг жүргізу. Қала әкімі аппаратының қызметкерлеріне апта сайын бақылау құжаттарының тізбесін дайындау. Ескерту карточкаларын дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау бойынша апта сайынғы, ай сайынғы талдамалық ақпараттарды, мерзімді бұза отырып орындалған бақылау құжаттарының тізбелерін дайындау. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі арқылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер", басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар істерін қалыптастыруды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша айлық, тоқсандық және жылдық талдамалық мәліметтерді, есептерді дайындау. Қала әкімі аппаратының № 1-ОЛ нысанындағы жартыжылдық және жылдық статистикалық есепті дайындауды жүзеге асыру. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің тіркеу сатысында өтінішті тіркеу карточкасының деректемелерін дұрыс толтыру және құқықтық статистикалық ақпараттың анықтығы мен жеткіліктілігін қамтамасыз етуді бақылау. Қала әкімі аппаратының, дербес бөлімдердің қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерімен жұмыс бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен және Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түскен құжаттардың, "қызмет бабында пайдалану үшін"деген белгісі бар құжаттардың орындалу мерзімін бақылау. Ішкі бақылауға қойылған құжаттардың орындалу мерзімдеріне мониторингті жүзеге асыру. Бақылау құжаттарын орындау және олардың орындалуын бақылау бойынша тоқсан сайынғы және жылдық талдау ақпаратын дайындау. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарды тіркеу, есепке алу, орындаушыларға жіберу үшін дайындау, сақтау және жыл сайын тексеру жүргізу. Жоғары тұрған органдардың директивалық құжаттарын «ИНТЕГРО» бағдарламалық қамтамасыз етудің "ДИРОРД" электрондық базасында тіркеу және оларды жүйелеу (тиісті істерді қалыптастыру). Қала әкімі аппаратының мерзімді басылымдарға жазылуын ресімдеу. Құжаттау және құжаттаманы басқару жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес бөлімде іс қағаздарын жүргізу, материалдарды дайындау және оларды мұрағатқа тапсыру.

Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

 

объявление
Дата публикации
02 февраля 2024