Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшердерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айөындаудың қағидалары туралы

Құрметті Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауsлының тұрғындары!

Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 85/19-8 шешімімен Қосшы қаласында тұрақты тіркелген және тұрақты тұрып жатқан азаматтардың келесі санаттарына:

Ауған соғысының ардагерлеріне; Тәжік-ауған шекарасындағы және таулы Карабахтағы соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге;

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен жеңілдіктері бойынша оларға теңестірілген адамдарға;

cаяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға;

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға;

tң төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнетақы алатын және тек мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алатын зейнеткерлерге;

мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға әлеуметтік көмек түрлері қарастырылған.  

Сондай-ақ әлеуметтік төлемдер әлеуметтік маңызы бар туберкулез, қатерлі ісіктер мен адам иммунитеті тапшылығы жұқпасынан туындаған аурулармен науқастанған ересектер мен балаларға; дүлей апаттар мен өрттен зардап шеккен адамдарға;  бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға; медициналық мамандықтар бойынша ЖОО оқитын, жетім балалар санатындағы және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге де қарастырылған.  

Зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға Қазақстан Республикасының шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнының бір бөлігіне өтемақы жүргізу көзделген.

Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді орган белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.

 Әлеуметтік көмек:

алушы қайтыс болған;

алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

Бұл төлем түрлері «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің аясында жүргізіледі.

Осы мемлекеттік қызметті алу бойынша барлық сұрақтармен Қосшы қаласы, Республика көшесі, 46-үй мекенжайында орналасқан «Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүгінуге болады.

Правила социальной помощи
Дата публикации
01 февраля 2024