Қосшы қаласы мәслихатының депутатын сайлауды тағайындау және күнтізбелік жоспарды бекіту туралы қаулы

Қосшы қалалық мәслихатының № 4 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы
28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының               14-бабы 2-3 тармақшасына, 101-бабы 1-тармағының 4 тармақшасына,
3-1 және 6-тармақтарына сәйкес, Ақмола облысы Қосшы қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 31 наурызға Қосшы қалалық мәслихатының
    № 4 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау тағайындалсын.
  2. Қосшы қалалық мәслихатының № 4 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қосшы қалалық сайлау комиссиясының интернет ресурсында орналастырылсын және қалалық «Jana Bastau» газетіне жариялансын.

 

 

Төраға                                                                                             Б. Баталов

 

Хатшы                                                                                             Е. Елубай  

 

 

Қосшы қаласы,

2024 жылғы 31 қаңтар

№ 4/3

 

 

 

 

Дата публикации
31 января 2024