Қосшы қаласы мәслихатының 2024 жылы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау қорытындылары туралы хабарламасы.
Қосшы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
Құрылған сайлау комиссиясы Қосшы қаласында сайлауды дайындауды және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органы болып табылады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Алты саяси партия мен бір қоғамдық бірлестіктің ұсыныстары бойынша сайлау комиссиясының жаңа құрамына сайлау комиссиясының 7 мүшесі сайланды.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 10 бап және 20 бап 2 тармағында, белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сайлау комиссиясының бірінші отырысында қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, орынбасары және хатшысы сайланды.
Қосшы қаласының тұрғындарына қалалық мәслихаттың сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы шешімін және комиссияның орналасқан жерін жеткіземіз.
Қосшы қаласы қалалық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 83/18-8 "Қосшы қаласының сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы" шешімі.
Төраға - Баталов Болат Сәбитұлы;
Төраға орынбасары - Әлібекова Миркен Төреғалиқызы;
Хатшы - Елубай Ерболат Мағжанұлы;
Комиссия мүшелері - Арипханова Махаббат Қайрбулатқызы, Бейсембаева Толқын Саттарқызы, Қалиева Дана Серікқызы, Сүлейменов Нұрбек Мұратұлы.
Орналасқан жері: 0100078, Қосшы қ., Республика к-сі, 46, тел. 87165179108.
Қосшы қаласының мәслихаты