«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.12.2023-20.12.2023
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.12.2023
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 26.12.2023
Сұхбат: 29.12.2023
Анықтама телефоны: 87172607888
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Қосшы қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Үш жылдық кезеңге арналған қала бюджетінің жобасын әзірлеу және оны бюджет комиссиясының қарауына енгізу. Қала бюджетін нақтылау (түзету). Тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы қалалық мәслихаттың шешімін іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қаулыларын әзірлеу. Үш жылдық кезеңге жергілікті бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жоспарлау.Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, қаржыландыру міндеттемелерінің жиынтық жоспарын жасау және бекіту, оларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу. Бюджеттік өтінімдерді олардың заңнамаға сәйкестігін қарау және бекіту. Бюджетті жоспарлау және атқару мәселелері бойынша талдамалық, ақпараттық және басқа да материалдарды дайындау.Нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану арқылы қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті қалыптастыру.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (қаржы немесе экономика немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілік басқару немесе әлемдік экономика немесе мемлекеттік аудит) саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.