Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің талдау жұмысы және азаматтардың өтініштерін қарау бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.12.2023-13.12.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 14.12.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 21.12.2023

Сұхбат: 26.12.2023

Анықтама телефоны: 87172607888

E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                                                   Лауазым атауы:

        Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің талдау жұмысы және азаматтардың өтініштерін қарау бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты

                                         

                                                                       Функционалдық міндеттері:

        Бақылау құжаттарының орындалуы және олардың орындалуын бақылау бойынша тоқсан сайынғы және жылдық талдамалық ақпаратты дайындау. Мемлекеттік органдардың құжаттарын орындау мерзімдерін, оның ішінде мемлекеттік органның миссиясын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды бақылауды жүзеге асыру. Қала әкімдігі аппаратының, дербес бөлімдердің қызметкерлеріне қаулы, өкім және шешім жобасын дайындау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Сондай-ақ мемлекеттік органның, сондай-ақ Консультативтік-кеңесші органдардың қызметінде ақпараттық-талдамалық жауаптарды дайындау кезінде практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Жоғары тұрған органдардан келіп түскен Бақылау құжаттарының тізбесін дайындау, қала әкімі аппаратының қызметкерлеріне жолдау.Еске салу карточкаларын дайындау. Қосшы қаласы әкімінің аппаратында кіріс хат-хабарларды қабылдауды, келіп түскен құжаттардың құжаттама және құжаттаманы басқару жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтамасыз ету. Әкімдік мүшелеріне мәжіліс материалдарын қалыптастыру және жіберу, әкімдік мәжілістерінің хаттамаларын және оларға құжаттарды жүргізу және ресімдеу. Әкімдік қаулыларына, қала әкімінің шешімдеріне, өкімдеріне редакциялық сараптама жүргізу, әкімдік пен қала әкімінің актілерін дайындау бойынша консультативтік жұмыс жүргізу. Әкімдік қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің ай сайынғы тізбелерін дайындау. Әкімдіктің бақылау қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің тізбесін дайындау, ай сайын тізбелерді орындаушыларға жолдау. Әкімдіктің және қала әкімінің жарияланған актілері, олардың орындалу мерзімдерін бақылау бойынша талдамалық мәліметтер дайындау. Әкімдіктің және қала әкімінің актілерін тіркеуді жүзеге асыру және әкімдік отырыстары хаттамаларының, әкімдік қаулыларының, қала әкімінің келісу, тарату, өзгерістер енгізу, күшін жою және күші жойылды деп тану, орындалуын бақылауды көрсететін шешімдерінің, өкімдерінің электрондық деректер базасын құру. Қала әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының қарауы үшін хат-хабарларды қалыптастыруды қамтамасыз ету. Шығыс хат-хабарларды уақтылы жіберуді жүзеге асыру. Құжат айналымы бойынша ай сайынғы есептерді мемлекеттік тілде дайындауды жүзеге асыру.  

 

                                                                                Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

                           

                                                                 Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                                                               Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
06 декабря 2023