Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.12.2023-12.12.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.12.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 20.12.2023

Сұхбат: 25.12.2023

Анықтама телефоны: 87172607888

E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                                                    Лауазым атауы:

      Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс  бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты

                                          

                                                                          Функционалдық міндеттері:

 

      Мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелерден келіп түскен құжаттарды, оның ішінде «қызмет бабында пайдалану үшін», «құпия» деген белгісі бар құжаттарды уақтылы және сапалы орындау, қала әкімі мен әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың хаттамалық тапсырмаларын, орындауға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және электрондық өтініштерін орындау. Азаматтық қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру. Азаматтық қорғау саласында штабтық жаттығуларды, оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Президенттің Жарлықтарын, тапсырмаларын және басқа да актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министрінің қаулыларын, қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс. Қолданыстағы заңнама шеңберінде бөлім басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

                                                                                    Білімі бойынша талап:

          бизнес, басқару және құқық (құқықтану) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникация) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс (көлік, көлік техникасы және технологиялары немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы) немесе педагогика ғылымдары (бастапқы әскери дайындық) немесе қызметтер (тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

                                 

                                                                  Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

         жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

                                               

                                                                                 Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
05 декабря 2023