Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.12.2023-08.12.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 11.12.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 14.12.2023

Сұхбат: 21.12.2023

Анықтама телефоны: 87172607888

E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                               Лауазым атауы:

        Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты

                                         

                                                        Функционалдық міндеттері:

        Күнделікті жедел ақпаратты дайындау. Қала әкімінің жұмыс жоспарын дайындау. Аппарат мәжілістерінің хаттамаларын жүргізу және бақылау. Жалпықалалық ұйымдастыру іс-шараларын өткізу, жалпықалалық ұйымдастыру іс-шараларын дайындау бойынша, ақпараттық-талдау жұмысын, перспективалық және ағымдағы жоспарлауды қамтамасыз ету бойынша аппараттың басқа құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру.  Тапсырмалардың орындалуын бақылау және тексеру, әкімдік отырыстарын дайындау және өткізу. Қосшы қаласы әкімінің және аппараттың орындалуын бақылау және тексеру мәселелері бойынша, қала әкімінің қатысуымен әкімдіктің, консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын және хаттамалық іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі қызметін қамтамасыз ету функцияларын орындау. Жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалармен нормативтік құқықтық актілерді, хаттамалық шешімдерді іске асыру бойынша жұмыстарды жоспарлау және іс-шараларды әзірлеу мәселелері бойынша қала әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау. Регламенттік іс-шараларды (қала әкімдігінің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын) дайындау және өткізу. Цифрландыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру.

 

                                                               Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

                           

                                                    Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                                                  Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
01 декабря 2023