«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09.11.2023-15.11.2023
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 16.11.2023
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 19.11.2023
Сұхбат: 22.11.2023
Анықтама телефоны: 87172607888
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару және дамыту жөніндегі бірыңғай қызметінің бас маманы, «E-4» санаты, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2025 жылдың 22 қазанға дейін. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін жұмысқа шығуы мүмкін).
Функционалдық міндеттері:
Кадрлық қызмет бойынша тіркеу құжаттарын (іс қағаздарын жүргізу) жүргізеді. ҚР мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындау бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру. Мемлекеттік қызметшілерді біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курсына жолдау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Жоғары тұрған органдарға уақытылы есепті, ақпаратты әзірлеу және тапсыру. Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерімен, электрондық бағдарламаларымен жұмыс жүргізілуін қамтамасыз ету. Қала әкімінің өкімдері мен қала әкімі аппараты басшысының бұйрықтарының жобасын дайындау, тіркеу және сақтау. Қаланың атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау және қала әкімідігінің мемлекеттік органдарында кадрлық қызмет жүргізуге көмек көрсету. Конкурстық, аттестациялық, тәртіптік және де өзге комиссиялардың кадрлық мәселелер бойынша жұмысын ұйымдастыру.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.