Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.10.2023-27.10.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 28.10.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 01.11.2023

Сұхбат: 06.11.2023

Анықтама телефоны: 87172607888

E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                                            Лауазым атауы:

        Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты

                                         

                                                               Функционалдық міндеттері:

 

       Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және Қосшы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің құқық қолдану практикасы мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді ұйымдастыру. Сотта және өзге де инстанцияларда Қосшы қаласы әкімі аппаратының, қала әкімдігінің мүдделерін білдіру. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың хаттарын, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңеске материалдарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Алқабиге кандидаттардың тізімдерін қалыптастыру. Прокурорлық ден қою актілері бойынша шараларды қарау және қабылдау. Әкім аппаратында, Қосшы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде және оған ведомстволық бағынысты ұйымдарда құқықтық түсіндіру жұмысын, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру. Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде Қосшы қаласы әкімдігінің мәжілістері мен жиналыстарына қатысу. Қосшы қаласының әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссияларының мәселелерін қарау.

 

                                                                  Білімі бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық немесе құқықтану) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

                           

                                                  Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                                             Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
19 октября 2023