«Қосшы қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.10.2023-16.10.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.10.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 20.10.2023

Сұхбат: 26.10.2023

Анықтама телефоны: 87172607888

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                             Лауазым атауы:

        «Қосшы қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты

                                         

                                                  Функционалдық міндеттері:

      Бюджетті жоспарлау және атқару мәселелері бойынша талдамалық, ақпараттық және басқа да материалдарды дайындау. Қала бюджетінің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін жүйелі жинау және талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бекіткен мемлекеттік мекеменің өз қарамағында қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келісу. Бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлігінде бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық жоспарын жасау. Бюджеттің атқарылуы туралы жедел мәліметтерді жинау. Бағдарлама бойынша шығыстар бойынша жылдық жоспарды ай сайын нақтылау. Бюджеттік өтінімдерді олардың қаланы дамытудың орта мерзімді жоспарына, бюджет параметрлеріне сәйкестігін қарау және бекіту. Жоспарлы жылға мекемелер контекстінде экономикалық сыныптаманың ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлы номенклатура бойынша ақпаратты бақылауды жүзеге асыру және құрастыру. 

 

                                                            Білімі бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (қаржы немесе экономика немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілік басқару немесе әлемдік экономика немесе мемлекеттік аудит) саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

                           

                                              Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                                             Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
09 октября 2023