Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2023 жылдың 30 қыркүйегі, яғни бүгін сағат 10.00-де Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов тұрғындармен кездесу өткізді. Оған Қосшы қаласының мемлекеттік мекеме және құзырлы орган басшылары, қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері, мердігер мекемелердің мамандары мен бұқаралық ақпарат өкілдері де қатысты.

Кездесуден кейін тұрғындарды жеке қабылдап, сұрақтарын тыңдап, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

Дата публикации
04 октября 2023