Ауыл әкімі Парасат Досмағанбетов ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік - экономикалық дамуы бойынша баяндама жасады.
Тұрғындарға сұрақ қоюға мүмкіндік берілді. Көпшілік тарапынан ауыз су, жол құрылысы, кәріз жүйесі, көше жарығын қосу сынды мәселелер айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қосшы қаласының әкімі Гайдар Касенов қала әкімдігінің құзыретіндегі мәселелерді шешуді бақылауға алуды тапсырды.






