«Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.09.2023 - 15.09.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 16.09.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 20.09.2023

Сұхбат: 25.09.2023

Анықтама телефоны: 87172607888

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                                      Лауазым атауы:

        «Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты

                                         

                                                           Функционалдық міндеттері:

        Бюджеттік өтінімді, шығыстар сметасына арналған есептеулерді, балансты әзірлеу. Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын әзірлеу және бекіту. Банк операциялары бойынша есеп пен есептілікті жүргізу. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасау. Штаттық кесте құрылымын әзірлеу.Бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді жүзеге асыру. Әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдердің басқа да түрлерін есептеу және төлем жүргізу бойынша екінші деңгейдегі банктермен шарттар жасасу және орындау. Мемлекеттік сатып алулар бойынша шарттар жасасу және оларды орындау мен олар бойынша есептілікті уақтылы ұсыну. Салық бойынша декларацияларды уақтылы ұсыну. Деректерді уақытында жинау, өңдеу және есептілікті уақтылы ұсыну. Кредиторлық және дебиторлық берешек бойынша есеп, еңбек бойынша есеп беру. Бюджет қаражатының дұрыс пайдаланылуын бақылау және бюджеттің атқарылуын талдау. Бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды жүзеге асыру, бухгалтерлік есепті жүргізу, Қалалық қазынашылық бөлімі арқылы жүргізілетін операцияларды есепке алу. Ай сайын мемориалдық ордерлер жасау және бухгалтерлік баланс шоттары бойынша таратып жазу. Тоқсандық және жылдық балансты және баланстың барлық қосымшаларын жинақтау. Мемлекеттік сатып алулар бойынша жылдық жоспарларды қалыптастыру (үлгі). Порталдағы мемлекеттік сатып алуларды жүргізу. Мүлік бойынша есеп, түгендеу, түгендеу карточкаларын жүргізу. Ай сайын банк құжаттарын тігіп отыру. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді лауазымға тағайындау немесе босату кезінде, оның ішінде деректер базасында құжаттарды дайындауды және ресімдеуді жүзеге асыру.

           

                                                               Білімі бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

                           

                                                   Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                                                   Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
08 сентября 2023