«Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты, (уақытша, негізгі қызметкердің оқуға байланысты 2024 жылдың 1 шілдеге дейін демалыс кезеңіне)

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 08.09.2023 - 14.09.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 15.09.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 20.09.2023

Сұхбат: 25.09.2023

Анықтама телефоны: 87172607888

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                                        Лауазым атауы:

        «Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты, (уақытша, негізгі қызметкердің оқуға байланысты 2024 жылдың 1 шілдеге дейін демалыс кезеңіне)

                                         

                                                             Функционалдық міндеттері:

      Қаланың ТҚК (терроризмге қарсы комиссия) жұмысын үйлестіру. Қала әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі комиссиямен жұмысты жүзеге асыру. КБА мәселелері бойынша материалдарды жинақтау, баяндамалар, сөз сөйлеу жобаларын, мақалалар дайындау. Білім беру жүйесінде дінтану негіздеріне оқыту стандарттары мен әдістемесін жетілдіру. Қаланың діни бірлестіктерімен жұмысты ұйымдастыру және өткізу. Қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау, осы мәселе бойынша сұралатын ақпаратты дайындау және ұсыну (әкім аппаратының басшысы үшін әлеуметтік желілердегі жағымсыз жарияланымдар бойынша күнделікті есеп беру). Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.Заңды және жеке тұлғалардан ресми сұрау салынған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәніне бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге талдау мен мониторингті жүзеге асыру. Конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдаманы, бағдарламаларды іске асыруға қатысу. Бөлімнің қызметіне байланысты, оның ішінде діни қатынастар саласындағы мәселелер бойынша қала әкімі сайтын ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді тіркеу, құқықтық статистикалық ақпараттың сенімділігі мен жеткіліктігін қамтамасыз ету. 

 

                                                                    Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе дінтану немесе археология және этнология немесе шығыстану немесе теология немесе түркітану немесе исламтану немесе филология) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

                           

                                                     Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                                                     Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
07 сентября 2023