Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы, «Е-3» санаты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.08.2023 - 16.08.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.08.2023-19.08.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 23.08.2023-25.08.2023

Сұхбат: 31.08.2023

Анықтама телефоны: 87172607888

E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                  Лауазым атауы:

      Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы, «Е-3» санаты

                                          

                          Функционалдық міндеттері:

       Әкімнің және қала әкімі аппаратының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Қала әкімінің қатысуымен іс-шара өткізу. Қосшы қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекараларын айқындау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету. Барлық кандидаттар үшін үгіт-насихаттық баспа өнімдерін орналастыру орындарын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету. Жалпықалалық ұйымдастыру іс-шараларын өткізу, Аппараттың басқа құрылымдық бөлімшелерінің жалпықалалық ұйымдастыру іс-шараларын дайындау бойынша жұмысын үйлестіру, ақпараттық-талдау жұмыстарын, перспективалық және ағымдағы жоспарлауды қамтамасыз ету. Бөлім құзыреті шегінде Қосшы қаласы әкімінің, оның орынбасарларының кездесулері мен сапарларын ұйымдастыру. Қосшы қаласы әкімінің және орынбасарларының қаланы дамыту мақсатында өткізетін сапарлары мен кездесулердің дайындығы мен өткізілу барысын бірыңғай хаттамалы-ұйымдастырушылық тәжірибесін жүзеге асыру. Қосшы қаласы әкімінің және әкімшіліктің қатысумен өткізілетін отырыстарды, консультативтік-кеңесшілік органдары мен хаттамалық іс-шараларды дайындау мен өткізілуін бақылау  мәселелері бойынша жұмыс атқару. Отырыстарды дайындау бойынша тиісті жұмыстарды атқару, Қосшы қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау және ақпараттық материалдарды жинақтау мен оны жалпылау. басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау, жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар бере отырып, нормативтік құқықтық актілерді, хаттамалық шешімдерді іске асыру бойынша жұмыстарды жоспарлау және іс-шараларды әзірлеу мәселелері бойынша қала әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету. Нормативтік іс-шараларды (қала әкімдігінің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын) дайындау және өткізу. Актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қадағалау және бақылау.

                                               

                      Білімі бойынша талап:

          педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім.

                                  

                             Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

         1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

         3) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

                                               

                                Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
10 августа 2023