Жария талқылау мақсатында Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің «Қосшы қаласы әкімдігінің шаруашылық басқармасы» КММ – ні «Қосшы қаласының шаруашылық басқармасы» ЖШС-не (бұдан әрі-Серіктестік) қайта ұйымдастырудың орындылығы туралы сұрау салуы орналастырылады
Серіктестіктің орналасқан жері – Қосшы қаласы, Республика көшесі, 46-ғимарат.
Қызметінің ауқымы: Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде.
Серіктестік қызметінің мәні консультациялық, басқарушылық және операциялық көмек және қатысушының және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жәрдемдесу болып табылады.
Серіктестік қызметінің мақсаты қатысушының және оның құрылымдық бөлімшелерінің алдына қойылған стратегиялық мақсаттарды тиімді іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
Құрылатын нарық субъектісі қызметінің жүзеге асырылуы жоспарланатын түрлері:
- экономикалық қызметті тиімді жүргізуді реттеу және жәрдемдесу (ЭҚЖЖ 84130);
- коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша кеңес беру (ЭҚЖЖ 70221);
- басқа топтарға енгізілмеген өзге де кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (ЭҚЖЖ 74909).
- телекоммуникациялық компьютерлік және телевизиялық желілерді төсеу бойынша электромонтаждық жұмыстар (ЭҚЖЖ 43211)
- ойын-сауық және тақырыптық саябақтардың қызметі (ЭҚЖЖ 93210)
- коммерциялық және кәсіпкерлік қоғамдық ұйымдардың қызметі (ЭҚЖЖ 94110)
Құрылтайшысы – «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда оларды электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз: : : kosshy@aqmola.gov.kz, 8 775 373 31 19
Орналастыру мерзімі 2023 жылдың 4 тамызына дейін.