«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
25.07.2023 - 30.07.2023
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 31.07.2023
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 03.08.2023
Сұхбат: 07.08.2023
Анықтама телефоны: 87172607888
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Қосшы қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2023 жылдың 22 қыркүйегіне дейін. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін жұмысқа шығуы мүмкін)
Функционалдық міндеттері:
Өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді, көрсетілген көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізеді құралдармен және тіркемелермен, оның ішінде сенімхат бойынша Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды: қарда жүргіштерді, квадроциклдерді және өзге де осыған ұқсас техниканы жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу. Емтихандар қабылдау, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп береді және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына дербес жауапты болу. Бөлім өз құзыреті шегінде кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, дербес атқарушы органдармен және селолық (ауылдық) округтер әкімдерінің аппараттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік даму бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету. Қосшы қаласында асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемдерін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру.Қосшы қаласының жайылымдарын геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекітуге, Қосшы қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекітуге қатысу. Өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді ұлғайтуды ынталандыру бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру. Мемлекет астанасының, Қосшы қаласының ішкі қажеттіліктерін, сондай-ақ оны сыртқы нарыққа жеткізуді қанағаттандыруға жәрдемдесу. Өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдау бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді: көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құны бағдарламалары бойынша, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау. Қала бойынша егілген тұқымдардың саны мен сапасы туралы қорытынды есеп жасау. Заңды және жеке тұлғалардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық меншік нысанындағы нормативтік – құқықтық актілерді, мемлекеттік стандарттарды және тұқым шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құжаттарын сақтауын бақылау.Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндеттерін орындауына бақылауды жүзеге асыру. Қаланың ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық қызмет мәселелері бойынша материалдар (анықтамалар, ақпараттар, есептер) дайындау. Мал шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсатты көрсеткіштерінің орындалуына талдау және болжам жасау. Заңнамада көрсетілген есептілікті мемлекеттік кірістер органдарына уақытылы дайындау және беру.
Білімі бойынша талап:
ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (көлік, көліктік техника және технологиялар немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.